Қызылорда облысында отбасы құндылығы дәріптелді

Қызылорда облысында отбасы құндылығы дәріптелді

Қызылорда облысында отбасы құндылығы дәріптелді. 

"Анаға тағзым" форумына мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген 400-дей әйел қатысты. Олар ұлттық салт-дәстүрді насихаттау тетіктерін жаңарту жайын қозғады. "Әке ұлды, ал ана тұтас ұлтты тәрбиелейді" деген қағида өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан елдің дамуына ұйытқы болар ана  лайықты құрмет көруі тиіс - дейді қатысушылар.

Нәзипа Шанаи, ҚХА жанындағы республикалық аналар кеңесінің төрағасы:

- Ең қиын бағыты – бұл жастардың арасындағы нашақорлық. Мектеп жасындағы балалардан бастап уланып, шегіп жүрген вейп мәселесі. Вейпқа қарсы петиция жүріп жатыр. Бүгінгі таңда заңға өзгеріс енгізіп, вейпты толығымен тоқтату туралы шешімді мәжіліске алып кірдік. Әскери бөлімдегі суицид. Оның артында не тұр? Егер бұл бағытта баратын болсақ ертең бізді кім қорғайды деген мәселе аналар кеңесінің алдында тұр.