Биыл Шығыс Қазақстан облысында 392 шақырым жол жөнделді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 392 шақырым жол жөнделді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 7 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 392 шақырым жол жөнделді.

Келер жыл өңірде "Жол жылы" деп жарияланған. Осыған байланысты саланы қаржыландыру көлемі екі есе артып, 600 шақырым учаске жаңғыртылады. Елді мекендердегі жолдарды жөндеуге биыл 20,4 млрд тг бөлінсе, 2024 жылы 28 млрд тг жұмсалады. Бұдан бөлек Бұқтырма су қоймасының үстінен өту үшін көпір салынады. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев БАҚ алдында есеп беру жиынында айтты. Өңір басшысы Майқапшағай-Тарбағатай тас жолын жөндеу жұмыстарына да тоқталды.

- Сол құрылыста қытай компаниясы жұмыс істеп жатыр. Жолдың ұзындығы шамамен 415 шақырым. Оның ішінде 220 шақырым ШҚО облысында, қалған километрлер Абай облысында жатыр. Біздегі қалған жұмыс 7 шақырым ғана қалды. Жылдың аяғына дейін тиісті жұмыстар жүргізіледі. Аяқтайды деп уәде берген. Жолдың сапасы жаман емес. Ол қазір жақсы, бір жылдан кейін көрейік, кепілдік 4-5 жылға дейін беріледі.