Алматы облысындағы 333 саяжай жақын елді мекендерге қосылады

Алматы облысындағы 333 саяжай жақын маңдағы елді мекендерге қосылады.

Қазір олардың жаңа бас жоспары жасалып жатыр. Содан кейін бұл саяжайларға инфрақұрылым жүргізіледі. Бұл туралы өңірдің экономикалық жағдайына қатысты есеп берген облыс әкімі айтты. Марат Сұлтанғазиев "саяжайларда тұратын халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр, осы мақсатта коммуналдық автобус паркі құрылды" дейді.

Айта кетейік, бүгінде аймақта 674 саяжай бар, онда 188 мың адам тұрады.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Биыл барлығы 37 елді мекенді қамтитын 37 жаңа маршрут ашылды. Қазір маршруттарымыздың саны 90-нан асты. Оның ішінде 4-уіне мемлекеттік автопарк қызмет етеді. егер былтыр субсидия көлемі біз биыл оны 1 миллиард 300 миллионға дейін көтердік. 59 маршрут субсидиялық жұмыс жасайды. Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 34 автобус алдық. 33 мың оқушы қамтылып отыр.