Екібастұзда ферроқорытпа зауыты ашылады

Екібастұзда ферроқорытпа өндіретін жаңа зауыт салынып, 520-дан астам адам жұмыспен қамтылады.

Өндіріс орны жылына 80 мың тонна ферро-силиций өндіреді, кейін өнімді Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және Еуропаға экспорттауға мүмкіндік бар. Бүгін Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, аталған мәселе жан-жақты талқыланды. Жобаны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған, салынатын инвестиция көлемі 113 млрд теңге.