Халықтың депозиттегі ақшасы 33,1 трлн теңгеге жетті

Жыл басынан бері қазақстандықтардың депозиттегі салымы 4,8 пайызға өсіп, 33,1 трлн теңгеге жетті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, салым сомасы 5 жылда екі есе ұлғайды. Сондай-ақ, халық тарапынан теңгеге сенім артып келеді. Депозиттік базаны долларсыздандыру деңгейі 10 айда 36,7 пайыздан 29,5 пайызға дейін төмендеді. Бүгінде Қазақстанда 21 екінші деңгейдегі банк бар. Олар 10 айда 1,8 трлн теңге пайда тапты. Бұл – былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 53,7 пайызға артық. Кредит алғандар саны да өсті. Және алған қарызын өтей алмайтындар да көбейген. Агенттік борышын өтеу мерзімінен 90 күн асқан тұлғаларға айыппұл есептеуге тыйым салды.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

- Жалпы, қазіргі кезде, айтып отырмыз ғой, 1,5 млн адам кредиттерімен проблемалары бар. 1,5 млн адамды біз статистика арқылы анықтап, сол банкпен, микроқаржы ұйымымен іс-шаралар пландарын бекіттік. Келесі жыл 2024 жылдың аяғына дейін әрбір созаемщикпен қазіргі кезде кімнің проблемасы бар солармен банктер, микроқаржы ұйымдары жұмыс атқаруы керек.