Жамбыл облысында оңалту орталықтары пайдалануға берілді

Бүгін Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ерте араласу, аутизм және оңалту орталықтары ашылды.

«Самұрық-Қазына» қоры кеше ғана Сарыағашта ашылған нысанды қосқанда, «халықаралық Мүгедектігі бар адамдар күні» қарсаңында еліміздің оңтүстік өңірлерінде 4 бірдей оңалту орталығын іске қосып отыр. Енді жыл сайын түрлі дертке шалдыққан 2000-ға жуық жеткіншек, тегін реабилитациядан өтеді. 

Ерте араласу орталығы Тараз қалалық көпбейінді аурухана базасында ашылды. Мекемеде үш жасқа дейінгі дамуында кінәраты бар, шала туған, церебральды сал ауруы, даун синдромы сынды аруға шалдыққан балалар оңалту көмегін алады. Жалпы «Самұрық-Қазына» қоры соңғы 3 жылда ашқан оңалту орталықтарының саны осымен 30-дан асты.

Ғибрат Ауғанов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры:

- 30 мыңнан астам балалар тегін ем алып келеді. 2 мыңнан астам ерекше балаларымыз алғашқы қадамдарын басып  тұсаулары кесілді. 3 мыңнан астам балаларымыз Сөйлей бастады. Жақсы жетістіктеріміздің бірі деп мен есептеймін.

Орталықтар Тараз бен Шу қаласында ашылды. Оларда жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар жеткіншектер ем қабылдайды.  Жаңа орталықтарда роботты құралдар, тұз шахтасы, сенсорлық бөлме, емдік бассейн мен ойын бөлмелері бар. Облыс тұрғындары мұндай сапалы қызмет алу үшін бұрын Астана Алматы қалаларына баратын.

Гүлсін Манарханова, Меркі ауданының тұрғыны:

- Балаларға өте қатты ұнады. Ата-аналарға да. Себебі барық кабинеттері қазіргі замануи үлгіде жабдықталған. Республикадағы орталықтардан кем емес. Осындай орталықты қаржыландырып отырған Самұрық қазына қорына алғысмыз шексіз.

Бүгінде «Қамқорлық» бастамасымен ашылған орталықтар саны еліміз бойынша 33 ке жетті. Алда тағы 10 мекемені ашу қор жоспарында бар.  Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев