Отандық ғалымдар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұсынды

Отандық ғалымдар мен сарапшылар елде бірыңғай уақыт белдеуін енгізуді ұсынды.

Бүгінде ел аумағында екі уақыт белдеуі қолданылады, яғни батыс өңілерден басқа бөлік бір белдеуге кіреді. Алайда, ғалымдардың пайымынша, Астана уақытымен сәйкес өңірлердің уақыт белдеуі күннің табиғи сағатына сәйкес келмейді. Және бұл құбылыстың биологиялық ырғақ пен денсаулыққа кері әсері бар. Осы мәселені зерттеген жұмыс тобы елорда уақыты бойынша тұрған облыстар мен қалалардағы уақытты бір сағатқа кері жылжытуды ұсынды. Ғылыми дәлелдерге негізделген қорытынды есеп мемлекеттік органдарға жолданады.

Болат Нұрхожаев, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі:

- Адамның денсаулығына жалпы тіршілік етуіне үш уақытың әсері бар. біріншісі күннің уақыты ол бізге бағынбайтындар. одан кейін біздің қолымыздағы сағаттың уақыты. содан кейін адамның ішкі биологиялық ырғақтары. осы үш сағаттыің ортасындағы біздің әлеуметтік сағатымыз күннің ең боғсәйкес болса, адамның ішкі биол ырғақтары сәйкестікте жұмыс істейді. ауурударға эпидемияға төтеп беретін қабідеті болады.