Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» әлеуметтік форумы өтіп жатыр

Бүгін халықаралық мүгедектер күні.

Осыған орай Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» деген тақырыпта әлеуметтік форум өтіп жатыр. Қатысушылар инклюзивті қоғам құру жолдарын талқылуда. Оған қоса, шетелдік сарапашылар әлеуметтік мәселеге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Қазір Алматыда 56 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 700-ге жуығы түрлі салада жұмыс істейді. Жиын соңында арнайы резолюция қабылдайды. Құжатта жұмыспен қамту, инфрақұрылымның қолжетімдігі сияқты өзекті тақырыптар қамтылған.

Ұлан Іңкәрбеков, қала тұрғыны:

- Кейбір үйлерде бізде шағымданып жатқандар бар. Өйткені, кейбір үйлерге мүмкіндік жоқ ондай пандустар ондай подъемниктер қоюға. Өйткені бұрынғы салынған үйлердің бәрі өте тар подъездер. Кейбіреулерінде сол үйде тұратын адамдардың рұқсаттары керек. Барлық адамдар бірдей емес. кейбір адамдар бізге кедергі жасайды деп оған рұқсат бермеген. 

Бауыржан Жаубасов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Инклюзивті қоғам құрып жатырмыз, инклюзивті экономика құрып жатырмыз. Инклюзивті инфраструктура құрып жатырмыз. Қоғам әр адам өзінің көзқарасын өзгертсе онда мүгедектігі бар адамдар ешқандай өзінің шектеуін сезінбейді. Бізбен қатар қоғамда өмір сүреді жұмыс істейді. Қоғамда белсенді болады. Мүмкіндіктер форумы деген форумның басты мақсаты осы.