Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

Оқиға орнынан 80 адам эвакуациаланды.

Араларында 15 бала болған. Мәлім болғандай, тоғыз қабатты үйдің қосалқы бөлмесі отқа оранды. Қызыл жалып 10 шаршы метрді шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің 18 маманы өртті дереу сөндірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Алдын ала болжам бойынша, өрт әлдекімдердің отпен абайсыз болуынан шыққан.