Қостанай облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Мысалы Қарабалық ауданында бірнеше асыл тұқымды репродуктор ферма жұмыс істейді.

Төрт түлік санын арттыру мақсатында алыс-жақын шетелден ірі қара тасымалданып жатыр. Ілкімді жобалардың арқасында мал басы 40 мыңға жеткен.  

Қарабалық ауданында мал өсірумен 158 шаруашылық айналысады. Сонымен қатар асыл тұқымды төрт түлік басын көбейтуге негізделген тірек кәсіпорындар бар. Жылқы, ұсақ мал және құсқа қарағанда мұнда ірі қара малға басымдық берілген.  

Елена Махмутова, Қарабалық ауданы әкімдігі Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
- Жыл басынан бері 14 мың тонна ет өндірілді. Бұл былтырға қарағанда 16%-ке артық. Сонымен қатар 15,8 мың тонна сүт шығарылды. Бұл 8,8%-ке  көп. Жұмыртқа өндірісі де қарқынды. Жыл басынан бері 7,4 млн данасы шығарылды.

Мал шаруашылығын дамытумен қатар қайта өңдеу саласы да күн тәртібінен қалған емес. Қазір ауданда ірі тауарлы сүт фермасы салынып жатыр. Келер жылы қолданысқа берілуі тиіс. Алты гектар аумақта 300 сиырға арналған екі қора, азық сақтау қоймасы бар сүт сауатын зал орналасады. Жобаны жүзеге асыруға 3 млрд теңге жұмсалады.

Игорь Дермер, құрылыс учаскесінің бастығы:
- 600 сиыр сауылатын болады. Бас-аяғы 1 100 қара мал өсіру жоспарланған. Жем-азықпен қамту бойынша қиындық туындамайды. Басымдық сүт өндіруге беріледі.

Бұдан бөлек Қостанай облысында тағы алты тауарлы сүт фермасы бой көтеріп келеді. Нысандар қолданысқа берілсе сүт өндірісі 30%-ке артады. Аймақта жыл сайын осындай 10 нысан тапсыру көзделген. Мұндағы мақсат - азық-түлік қауіпсіздігін қамтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға негізделген.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Артём Грапов, Ермек Мұхамедьяров