15 өңірде ауа райы қолайсыз болады

Ал елімізде ауа райының қолайсыздығынан Павлодарда бастауыш сынып оқушылары мектептен қалды.

Бұған өңірде соққан қатты жел себеп. Павлодар облысындағы желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Айта кетейік, күн райының құбылуына байланысты еліміздің батыс өңірінде жол қозғалысы шектелген. Атап айтқанда, «Орал-Атырау», «Самара-Шымкент» және «Орал-Тасқала» бағытындағы учаскелерде жол жабық. Төтенше жағдайлар қызметі бұған дейін 15 өңірде дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігі мен шығыс өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Боран соғу ықтималдығы бар. Өзге аймақтарда тұман түсіп, қатты жел тұрады.