Алматы облысында мектеп оқушылары жаппай төбелескен

Жаға жыртыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ұрып-соғу былай тұрсын, жастар бірін-бірі аяусыз тепкілеп жол бойында ойран салған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шекісіп қалғандар - Іле ауданы Жәпек батыр ауылының 9 және 10 сынып оқушылары. Төбелеске екі жасөспірімнің арасындағы кикілжің себеп болған. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу басталды. Тәртіп бұзғандармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал балалардың бұзақылығы мен тәрбиесіне селқос қараған 17 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды.