Air Astana компаниясына ₸876 млн айыппұл салынды

Эйр Астана әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салынды.

Алматы қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталмыш компания жолаушылардан жанармай алымдарын негізсіз алған деп отыр. Атап айтқанда оның мөлшері үш жарымнан алты жарым мың теңге аралығында болған. Әуе компаниясы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен монополияға қарсы келісімшарт жасасқан. Ал бұл құжат ел ішіндегі бағыттардың бағасын сақтап қалуға негізделген. Енді 6 желтоқсаннан бастап жанармай төлемдері болмайды. Сонымен қатар, келесі жылдың соңына дейін әуе билеттері қымбаттамайды.