ШҚО-да қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

Азаматтардың негізсіз тәуекелі төтенше жағдайға айналды.

Дауылды ескертуге қарамастан, тұрғындар елді мекендерден тыс жерлерге шығуды жалғастыруда. Мәселен Шығыс Қазақстандық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Глубокое ауданында көліктері қирап жолда қалып қойған 3 азаматты және 2010 жылы туған баланы құтқарды. Абырой болғанда жолаушылардың барлығы дін аман. Осы орайда мамандар азаматтардан қауіпсіздік шаралары мен құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ асуын, ауа райының қолайсыз жағдайында және дауылды ескерту кезінде ешбір жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге бармауды сұрайды.