Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасы салынады.

Бүгінгі күні көлемі 650 миллион текше метрді құрайтын – Ынталы және Тасөткел су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2027 жылға дейін халықаралық институттар қаражаты есебінен 361 су нысанын қайта жаңарту жоспарланған. Бұл еліміздің трансшекаралық суларға тәуелділігін төмендетеді, дейді аймақ басшысы.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- 2025 жылға дейін көлемі 46,2 млн текше метрді құрайтын 13 су қоймасының құрылысы жоспарлануда, оның 3-і ірі - «Ақмола», «Ырғайты» және «Қалғұтты» жобалық құжаттамалары әзірленуде, 10-ы шағын. Ағымдағы жылы көлемі 1,4 млн текше метрді құрайтын 3 су қоймасының құрылысы жүргізілуде. Су көздеріне тәуелділікті 3 жылда 50%-ға дейін төмендету жоспарлануда.