Жастардың ғылыми ізденісіне қолдау көрсетіледі

Шымкентте Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының өңірлік филиалы құрылады.

Осылайша кең тәжірибені іске асыруға қажетті кадрлар тартылып, жас ғалымдардың жаңа идеялары қолдау табады. Бұл туралы QazScience слетінде айтылды. Жиында ғылым мен инновацияға сүйене отырып ел экономикасын дамыту жолдары пысықталды. Бұл бағытта ғалымдар мен бизнес өкілдері арасында ынтымақтастық артады. Ғылыми ізденістерге қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ басқосуда ғылыми төңкеріс жолындағы жастардың рөлі, қиындықтарды еңсеру мен технологиядағы тың жобаларды игеру жағы талқыланды.

Асқар Жұмаділдаев ҚР Президентінің жанындағы ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Ақыл - жастан, асыл - тастан. Мен бұл мақалдың орынды екенін байқап жүрмін. Осымен қателеспесем 6-7 іс-шара өткізіп отыр. Қазір сен тұр, мен атайын дейтін жастарды біз көріп тұрмыз. Қырықтың бірі қыдыр дейді. 40 адам кездессе, оның біреуі қыдыр болады. Жақсы ой айтады, жақсы ұсыныс айтады. Міне, солардың бәрі жастар.