Жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді. LIVE

Степногорскідегі жарылған жылу құбырлары қалпына келтірілді.

Бұл туралы арнайы құрылған жедел штабтан хабарлады. Кеше Ақмола облысындағы Степногорск қаласында қалаішілік жылу трассасы жарылған еді. Соның салдарынан бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалған. Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін облыс әкімінің жетекшілігімен жедел штаб құрылған.