Елдегі азаматтық қорғау саласына бөлінетін қаржы жеткіліксіз

Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Оның пікірінше, соңғы табиғи және техногендік апаттар мемлекеттік органдарда жүйе жоқ екенін көрсетті. Сондай-ақ, мамандардың да біліктілігін жетілдіру қажет. Бұл ретте шетелдің тәжірибесіне қарап, ғылымды кеңінен пайдалану ұсынылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында да олқылық көп. Себебі, бақылау аз, жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді, деді Мәулен Әшімбаев. Енді депутаттар салаға серпіліс әкелу үшін бірқатар заңды қайта қарайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Азаматтық қорғау сияқты маңызды сала тиісті деңгейдегі қаржыландыруды қажет ететіні белгілі. Сондықтан Үкімет пен әкімдер бұл мәселеде жүйелі шешімдер қабыладуы керек. Сенат депутаттары осы маңызды мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра береді.