Келер жылдан бастап еңбек инспекторлары министрлікке бағынады

Келер жылдан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары әкімдікке емес, осы салаға жауапты министрлікке бағынады.

Бұл жұмысшылардың құқықығын қорғап, заңбұзушылқтарды тез анықтауға мүмкіндік бермек. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы кикілжің мұнай газ, тау кен металлургиясы кәсіпорындарында жиі туындайды екен. Бірақ биыл еңбек жанжалдары үш есе азайды. Нақтырақ айтқанда жыл басынан бері 16 өндіріс орындарында ереуіл болды. Ал былтыр 51 мекемеде наразылық шарасы өткен. Жұмысшылар көбіне еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны көтеруді және еншілес компанияға көшіру шарттарын талап еткен. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында бүгін осы мәселе қаралды. Комиссия мүшелері еңбек заңнамасын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру керек деп есептейді.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөнінідегі комиссия төрағасының орынбасары

- Енді еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі. Осыған байлаынсты барлық мемлекеттік инспекторларын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беретін болады. Олар әкімдіктерде жұмыс істеп жүргенде өздерінің міндеттерін толық атқара алмайтын. Себебі өздеріне қажетті емес функциялармен айналысып кететін.