Сары аяз сақылдап тұр

Ақмола, Қостанай өңірлерінде де сары аяз сақылдап тұр.

Түнгі уақытта ауа температурасы минус 32-35 градусқа дейін жетті. Желдің екпіні секундына 9-14 метр. Павлодарда 25-27 градус аяз. Астаналықтардың да біразы кейінгі үш-төрт күнде көліктерін оталдыра алмай қиналды. Бүгін елордалық оқушылар сабаққа бармайды. Аязды бір жағынан жел де күшейтіп тұр. Қазгидрометтің мәліметі бойынша желдің екпіні секундына 9-14 метр аралығында болады.