Солтүстікте 45 градус аяз болады

Солтүстік Қазақстан өңірінде аяз күшейді.

Қазір 37-39 градус төңірегінде, кешке 45 градусқа дейін суытады. Қазгидрометтің хабарлауынша мұнда кемі әлі де үш-төрт күн бойы аяз болады. Бұл өңірде онсызда бір жеті бойына қақап тұрған еді. Бүгін оқушылар сабаққа бармайды. Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, бейсауат жүріс-тұрысты шектеп, жолдарды күзетіп тұр. Төтенше жағдайлар қызметі де әлсін-әлсін ескерту жасап жатыр. Өңірлік жедел әрекет ету штабын құрылған.