Екібастұз жылу орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр

Екібастұздың жылу орталығында қарбалас.

Кәсіпорындағы күл тасымалдау құбырынан шыққан ақауды жоюға төтенше жағдайлар қызметі, қалалық су арнасы көмекке келді. Қазір апат жойылғанымен, қалпына келтіру ісі жалғасып жатыр. Жылу энергия орталығындағы құбырдан аққан су толық тазартылған. Сорғы қондырғылары үшін резервтегі қозғалтқыштар жеткізілді. Екібастұз жылу орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Мұның алдында күл шығаратын құбыр жарылып, су жылытқыш қазандық агрегаттары резервтегі отын - мазутқа көшірілген еді. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр. «Жылу желілеріндегі гидравликалық режим талапқа сай келеді» - дейді мамандар.