«Жасыл» технологияларға инвестиция тарту

2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін 600 млрд доллар қажет.

Сол үшін Үкімет «жасыл» технологияларға инвестиция тартуды күшейтеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысында осындай тапсырма берді. Үкімет басшысы салаға қаржы тартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және нормативтік-құқықтық база құрылғанына тоқталды. Енді кедергілерге талдау жүргізу міндеті тұр. Сондай-ақ "Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы жетілдіруді тапсырылды.