Елордада «JASTAR JALYNY – 2023» фестивалі мәресіне жетті

Дәстүрлі байқауға 15 оқу орнының талантты жастары қатысты. Олар 10 аталым бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталды.

Жастар жалыны - жастардың шығармашылық әлеуетін ашатын жоба. Биыл үміткерлер 10 номинация бойынша сынға түсті. Ән-бимен қатар, шахмат, сурет, медиа және театр аталымдарының жеңімпаздары анықталды. Дәстүрлі өнер фестиваліне елордадағы 15 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Жангелді Маратов, фестиваль  жеңімпазы, "Ақжелкен" студенттер театрының мүшесі:

- Біздер осы сайысқа Гүлбаһрамның көз жасы деген Ғазиз Ештанаевтың  драмалық қойылымды алып келдік. Сол кездегі  аштықты, сол кезде болып жатқан қайғы-қасіретті көрсетіп, жастарға патриоттық сезім сыйлау үшін алып келдік. Біздің қолымыздан келді деп ойлаймыз. Өйткені көрермендердің қолынан шыққан жастары мен қошеметі соның дәлелі деп білеміз.

Студенттік шақ - ең тәтті әрі қимас кезең. Бұл фестиваль олардың жүрегінде жылы естелік боп қалары сөзсіз дейді ұйымдастырушылар. Жыл санап жобаның ауқымы кеңейе түсуде. Биыл "Айқас" интеллектуалды ойыны байқау тізіміне қосылды.

Қайрат Қамбаров, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- ЖОО студенттері арасында Жастар жалыны десек, колледж студенттері арасында Жаңа белес деген шығармашылық байқаулар бар. Оны енді келесі жылы жобалар жоспарлақ отырмыз. Қаладаға 35 колледж бар. Оларды да қамтитын боламыз. Өйткені талантта, талапты жастар өте көп.

Дарынды жастарды бір арнаға тоғыстырған «JASTAR JALYNY – 2023»

мәресіне жетті. Топ жарған студенттерге  ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Ең бастысы ұмытылмас әсер алып тарқасты.

Авторлары: Назерке Тоқжан, Руслан Әлиев