Отандық ғалымдар Көкшетау қаласының тарихын зерттеп жатыр

Бұл туралы облыс орталығында өткен республикалық конференция барысында белгілі болды.

Айта кетейік, келер жылы көрікті қаланың құрылғанына 200 жыл толады. Бірақ зерттеушілер шаһардың тарихы әріден басталатынын айтады. Шара барысында Ботай мәдениеті мен ежелгі түркі кезеңіндегі, Алтын Орда, Сібір және Қазақ хандықтары тұсындағы өлкенінің тарихы баяндалып, тың мәліметтер ұсынылды.

Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Көкшетау қаласының орнауын біз этап ретінде, кезең ретінде ғана қарауымыз керек. Бірақ өмір деген, өркениет деген оған дейін болған. Оған ешқандай күмән болмасын. Көкшетау қаласының тарихын алсақ, ол жалпы Қазақстан Ресей империясына кіргеннен кейін приказ ретінде құрылды. Кішкентай қамал болды. Бірақ шын мәнінде дәл осы жерде, Көкшетау өңірі барлық тарихи деректерде кездеседі.