Қызылордада құнды жәдігерлер көрмеге қойылды

Қызылордада Қазақ елінің 300 жылдық тарихынан сыр шертетін көрме ашылды.

Тәуелсіздік күніне арналған танымдық шара облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтіп жатыр. Бес күнге жалғасатын экскурсия аясында бірқатар оқу орындарының жастары мен мекеме ұжымдары тарихи құнды жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, Бұланды шайқастарына қатысты экспонаттар мен Бұқарбай батырдың қылышы, Абылай, Әбілқайыр хандар мөрінің көшірмесі, күмістелген ертоқымы секілді бірқатар құнды дүниелерді осы көрмеден тамашалауға болады.  

Еңлік Баймұрзаева, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

- 1986 жылдағы үлкен желтоқсан оқиғасы, сондағы құжаттар, 1991 жылы біздің Тәуелсіздігімізді алғандығымыз туралы, ол кездегі жарлықтарымыз, құжаттарымыз барлығы осы көрмеден орын алады. Кейін жаңа Қазақстан біздің Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі Қызылорда облысының жетістіктері. Барлығы осы көрмеден баяндалады.