Еліміздің барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында қар жауады.

Ұлытау, Қарағанды облыстарында бұрқасын. Батыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында да көктайғақ, тұман түседі. Шығыс Қазақстанда қолайсыз күн райы болады. Алматы және Жамбыл облысы тұрғындарына көктайғақ туралы ескертілді.  Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін соғады,-деп хабарлайды Қазгидромет мамандары. Астанада қар жауып тұр, бұрқасын.