Нью-Йоркте қазақ домбырашылары бас жүлдені жеңіп алды

Нью-Йоркте қазақ домбырашылары бас жүлдені жеңіп алды

Нью-Йоркте өткен «Жас таланттар халықаралық өнер» фестивалінде «Әлқисса» домбырашылар ансамблі мен жеке домбырашы Нұрлан Мұратұлы бас жүлде алды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды орындаушылардың басын қосатын бұл фестиваль 2018 жылдан бері осымен алтыншы мәрте өткізілді. Конкурсқа қазақстандық жас дарындармен қатар АҚШ және Қытай өкілдері қатысты. Лауреаттардың, оның ішінде қазақстандық жеңімпаздардың қорытынды концерті 16 желтоқсанда Вашингтонда өтті. Ансамбль жетекшісі Қанат Сәден: «Бұл жеңісімізді еліміздің тәуелсіздігіне арнаймыз»,- деді.

Қанат Сәден, «Әлқисса» домбыра студиясының директоры:

- Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қазақтың домбырасы бүкіл әлемге шарықтап жатыр, соның бір айғағы ретінде «Әлқисса» домбыра студиясы келіп, Американың төрінде қазақтың домбырасын күмбірлетіп, балалардың орындауында халыққа деген өздерінің өнерлерін танытып жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз.