Семейде 77 млн қорап темекі жойылды

Абай облысында түрлі маркалы темекіні жеткізудің үлкен арнасы анықталып, жұмысы тоқтатылды.

Семей қаласының аумағында автокөлік құралдары мен қоймаларды тексеру барысында 77,3 млн қорап контрафактілік темекі тәркіленген. Олардың нарықтық құны 2,7 млрд теңге.

Айта кетейік осыған дейін де Абай облыстық полиция Департаменті ҰҚК-мен бірлесіп, құны 1,1 млрд теңге болатын контрафактілік темекі тасымалдаудың фактісін әшкерелеген еді.