Заңсыз пиротехниканы сатқандар айыппұл төлейді

Жаңа жыл демекші бұл мерекенің қызығымен қоса шыжығы да бар.

Көкшетаулық төтенше жағдайлар қызметі пиротехника өнімдерін сатушыларды аңдуға көшті. Себебі белгілі, қолдан жасалған отшашулар –  балаға да, үлкенге де қауіп. Мамандар базарды аралап, заңсыз өнімдерді тәркілеп жатыр. Ұсталғандар 20 мың теңге айыппұл төлейді. Былтыр осы кезде 30-дан астам саудагер жауапқа тартылған.

Манат Бегалин, ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

- Қазір тұрғындар көбіне сертификатталған тауарды таңдауды жөн көреді. Ең бастысы, пиротехникалық заттар алғанда лицензиясын қарап, тексеріп алу керек. Бұл акция жыл соңына дейін жалғасады.