Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Ертеңнен бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды күн райы болады.

Бірқатар өңірді қалың тұман басады. Қазгидромет мәліметінше, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді. Тек шығыс пен оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз болады.

Ал елордада ауа температурасы 0 градус шамасында болмақ. Синоптиктер мұндай күн райы 3 күн бойы сақталады деп отыр.