Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады

Жамбыл облысында 2025 жылдың соңына дейін 13 су қоймасын салу жоспарланып отыр.

Ондағы су көлемі 46 миллион текше метрден асады. Үшеуі ірі, 10-ы шағын болады. Қазірдің өзінде 3 су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Осының арқасында 3 жыл ішінде вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көзіне тәуелділік 50%-ке дейін азаймақ. Өңірде әлеуметтік салада да серпін бар. Жыл соңына дейін 10 мектеп тапсырылады. Ал келесі жылы тағы 15 білім беру нысаны, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады. Одан бөлек, 2024 5 денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілмек.