Елордадағы ескі стадион сүріледі

Елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадион сүріліп, орнына жаңасы салынады.

Тарихи нысан сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша апатты деп танылды. Әзірге мердігер мекеме анықталмады. Өйткені конкурс жарияланған жоқ. Қыс айларында нысанды жобалау жоспары бекітіледі. Құжат дайын болған соң жаңа кешенді ресми түрде таныстырады, - дейді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:

- Төбесі жабылатын манеж болады деген ойдамыз. Бұл жыл 12 ай пайдалануға мүмкіндік береді. Алдағы 1 жыл ішінде жобаны аяқтаймыз деген жоспар бар. 2026 жылға дейін ұзарып кетуі де мүмкін.