Qazaq Oil компаниясының жаңа белесі

Qazaq Oil компаниясы «Алтын сапа» байқауы аясында «Бизнес Кемелділік» сыйлығының иегері атанды.

Мәртебелі марапат бизнесті тиімді басқару мен әлеуметтік салаға көрсетілген қолдау шаралары үшін табысталады. Qazaq Oil аз уақытта жаңғыртудан өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Компания әлеуметтік салаға қомақты қаражат бөліп, танымал отандық спортшыларға демеушілік көрсетті. Сондай-ақ, Азия дауысы фестивалін жаңғыртуға өз үлесін қосты.

Ауқымды ребрендингтен кейін Qazaq Oil елдегі ең танымал жанармай құю бекеттерінің желісіне айналды. Жаңартылған станциялардың жарқын дизайны, мінсіз қызметі тұтынушылардың талғамынан шықты. Сауда-саттықтағы табыс артып, салықтық төлемдер еселенді.

Төлеміс Шотанов, Qazaq Oil бас директоры:
- Істеп жатқан халықтың саны 3,5 мың адам еді. Қазіргі таңда 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді бізде. Үкіметке төлейтін салығы да өсті. Бұрғаны жылы біз 16 млрд теңгедей төледік. Біздің жоспар көрсеткіш одан төмен болмайды деп айтуға болады.

Qazaq Oil әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі. Дәл осы бастамасы үшін компанияға «Бизнес кемелділік» сыйлығы табысталды. Айталық, биыл компания жағдайы төмен отбасыларға 120 миллион теңге қаржы бөлген. Абай және Қостанай облыстарында өрттен зардап шеккендерге 50 млн теңге жолдаған. Спорт пен рухани саланы дамытуда да  Qazaq Oil-дің үлесі аз емес.

Төлеміс Шотанов, Qazaq Oil бас директоры:
- Теннис, параолимпиялық комитетпен бірге жұмыс істейміз. Оның алдында «Қайрат» футбол клубының негізгі спонсоры болдық. Данияр Елеусінов біздің батырымыз, соны қолдадық. Өте жақсы конкурс, фестиваль «Азия даусы» бар. Соны қайтадан жаңғыртуға үлесімізді қостық. «Джулия» деген мюзиклді елордамызға алып келдік Алматыдан. Оған да біз бас демеуші болдық.

Компания үздік қызметкерлерді шетелге демалуға жібереді. Сондай-ақ, бизнес бастағысы келетіндер үшін  франчайзинг бағдарламасын ұсынады. Ал алдағы уақатта Астана қаласында Qazaq Oil брендімен Q-кафелерінің желісі де пайда болмақ.

Авторлары: Қуандық Танабас, Жарқын Өрден