Жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. LIVE

Павлодар тұрғындары 2024-ші жылды жаңа шыршамен қарсы алады.

Он екі жыл бойы орталық алаңға сән берген бас шыршаны сәукеле пішінді, қазақы ою-өрнектермен безендірілген биіктігі 30 метрлік шырша алмастырды. Бұл мақсатқа қазынадан 50 миллион теңгеден аса қаржы бөлініпті. Осыдан бірер сағат бұрын шамы жағылды.