Астанада «Хан шатыр» сауда орталығы өртенді

blogspot.com

Елордадағы «Хан шатыр» сауда орталығынан өрт шықты.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқыс оқиға орнында 14 техника мен жеке құрамның 66 маманы жұмыс істеп жатыр. Анықталғандай, сауда орталығының трансформаторлық қосалқы станциясы мен кабельді шахтасы өртенген.