Қоғамдық көлікті брендтеу жұмыстары жүріп жатыр

Таң атысынан кештің батысына дейін мыңдаған жолаушы тасымалдайтын көлік түрі бұл автобус пен трамвай.

Осыған байланысты еліміздің бірқатар қаласында қоғамдық көлікті брендтеу жұмыстары қолға алынды. Нақтырақ айтсақ, борт пен вагондардың сыртына әскери қызметкерлер бейнеленген суреттер ілініп жатыр. Мұндай іс-шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді, дейді мамандар. Автобус парктерінің қолдауымен Қорғаныс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе игі науқанның ауқымын ел көлемінде кеңейтпек. Мәселен, қазірдің өзінде Астана, Павлодар, Өскемен, Орал, Көкшетау, Талдықорған, Тараз және Арыс сияқты қалалар қамтылды.

Бақытжамал Максилова, қала тұрғыны:

- Әрбір азаматтың міндеті әскерге бару. Әскерлік жолын өтеу. Себебі еліңді, жеріңді, суыңды сыйлайтын болсаң, ол сенің еліңді сыйлайтын құрметтейтін азаматы болады. Біз осы әскери бөлімдерге барып жүреміз, балалармен сөйлесеміз. Олардың барлығы елімді қорғаймын деген патриоттар.