ШҚО-да есту қабілеті нашар балаларды оңалтудың жаңа әдістері енгізіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының мамандары есту қабілеті бұзылған балаларды оңалтудың жаңа әдістерін енгізіп жатыр.

Өскемендік дефектологтар авторлық логопедиялық оқу құралдарын шығарды. Әдістеме қазақ және орыс тілдерінде басылды. Оқу бағдарламасы үй жағдайында пайдалануға ыңғайлы және ұялы телефон арқылы қолдануға бейімделген. Мәселен, бала гаджеттегі аудиоқосымша арқылы әріптерді оқып, дыбыстауды үйренеді. Мамандардың айтуынша, жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарға қатысқан балалар екі айдан соң сөйлей бастайды екен. Бұл жоба ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау тапты. Оны жүзеге асыруға 100 миллион теңге бөлінді. Алдағы уақытта ғылыми әдістеме еліміздегі арнайы мектептердің оқу бағдарламаларына енгізілмек.

Мәдина Әукенова, психология ғылымдарының кандидаты, профессор:

- Осы күнге дейін біз шетелдік құрал-жабдықтарды қолданатын болсақ, бүгінгі күні біздің балаларға бейімделген, біздің ата-аналарға бейімделген. Біздің балалардың күнделікті өмірінде қолданатын сөздері мен танитын заттарының жинақталған әдістемелік нұсқауларды да бүгінгі күні ұсына аламыз.