Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт жарты жылдан кейін сөндірілді

Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнының ұңғымасында жарты жыл бойы лаулап жанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды 24KZ.

Сарапшылар апаттың күрделілігі ең жоғары болғанын айтып отыр. Жалын 9 маусым күні пайда болған. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өрт жер қойнауын пайдаланушы мен қызмет көрсететін ұйымдардың қателігінен шыққанын анықтаған. Қызыл жалынды сөндіру үшін мамандар кен орнында бірнеше апаттық ұңғыма бұрғылап, оларға арнайы ертінді толтырып жатыр. Кейін жанып жатқан ұңғыманы цементтеп тастау көзделген. Алда кен орнын қалпына келтіру жұмыстары тұр. Жер қойнауын пайдаланушы мекеме өңірде түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 50 млн теңге бөлуі тиіс.