Елімізде әрбір 100 адамға 15 бейнебақылау камерасы орнатылмақ

Елімізде әрбір 100 адамға 15 бейнебақылау камерасын орнату көзделіп отыр.

Себебі бұл – қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алудың маңызды тетігі. Бүгінде ел аумағында 1 млн 274 мың бейнекамера орнатылған. Әзірге 100 тұрғынға 6 құрылғыдан келеді. Аумақтық бөлімшелер жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бейнебақылау желісін кеңейту жұмыстарын қолға алған. Олар Жедел басқару орталықтары мен ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен тікелей байланыста болады. Биыл бейнебақылау құрылғыларының көмегімен 8,5 мыңнан астам қылмыстық, 500 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Автоматтандырылған тіркеу жүйесі арқылы 4,6 млн жол ережесін бұзу оқиғасы анықталып, 52 млрд теңгеге айыппұл салынды.