Алматыда балаларға арналған жаңажылдық шырша кеші өтті

Балаларға базарлық. Алматыдағы Оқушылар сарайында бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық шырша өтті.

Мерекелік думанға Медеу ауданында тұратын көпбалалы отбасылардың және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялардың балалары қатысты. Бірнеше күнге жалғасатын шараны 3 мыңға жуық бала тамашалай алады. Кішкентай балдырғандарға арнап Оқушылар сарайының актерлері қойылым қойды. Суасты әлемінің тұрғындары балаларға құтты болсын айтып, би билеп, әннен шашу шашты. Ал Аяз ата мен Ақшақар тәтті сыйлықтарымен қуантты.    

Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

- Аяз атаның бір берген сыйлығына біздің балаларымыз өте қуанады. Өздерінің қолынан келген тақпақтарын айтып, осы сыйлықты алуды біздің бүлдіршіндеріміз бір жыл күтеді. Біздің ауданда 2700-ге жуық көпбалалы отбасы бар. Бұл – 4 бала және одан жоғары отбасылар. 500-ге жуық Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері бар. Енді ол кісілерге атаулы әлеуметтік көмек болсын, басқа да көмектер болсын, ол әлеуметтік көмек дер кезінде ай сайын беріліп отыр.