Теңіз жаяу әскері бригадасының жауынгерлері спорттық челлендж бастады

«Тәні саудың – жаны сау».

Еліміздегі жалғыз теңіз жаяу әскері бригадасының жауынгерлері Жаңа жыл қарсаңында спорттық челендж бастады. Әскери сауыт киіп, қаруын асынған мыңнан аса сарбаз 24 шақырым жүгіріп өтті. Ақтаудан «Оймаша» полигонына дейінгі аралықта жауынгерлердің қатары бұзылмаған. Шараның мақсаты – Отан қорғаушылардың қайраты мен төзімділігін паш ету. Маршқа шыққан әскерилер ішінде қатардағы жауынгерлермен бірге сержанттар мен офицерлер де бар.  

Ризат Кеңес, шабуылдау батальонының бөлімше командирі:

- Біздің мерекелер осылай өтеді. Әрдайым дене шымыр болсын, сарбаздар дайын болсын дегенмен, біз осылай жүгіреміз. Өзімнің ата-анама, туған-туыстарыма және барша қазақстандыққа келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңа бақыт-береке тілеймін.