19 өңірде ескерту жарияланды

Күн райының бұзылуына байланысты Қазгидромет 19 өңірде ескерту жариялады.

Бүгін Қостанай мен Рудный қаласының оқушылары қашықтан оқиды. Облыстың басым бөлігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғып, қар жауады. Орталық және Шығыс Қазақстанда боран, көктайғақ. Батыс Қазақстанда қатты жел соғады. Оңтүстікте жаңбыр жауады. Астанада көктайғақ, желдің екпіні 20 метрге дейін жетеді.