Байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Бір жылда қызмет құнын 57 пайызға қымбаттатқан елдегі ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.

Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі осындай ақпарат жариялады. Тариф бағасына қатысты халық тарапынан да арыз-шағым көп, дейді мамандар. Осыған орай енді Kcell, Tele2, Altel және Beeline операторларының әрекеті заң шеңберінде тексерілмек. Қазіргі таңда олардың үстінен Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.