Жаңа жыл қарсаңында 400-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан алыс жолға шыққан адамдар құтқарушылар көмегімен жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Эвакуацияланғандардың ішінде 39 бала бар. Сондай-ақ құтқарушылар көмегімен Бұқар Жырау ауданында мал бағуға шығып, адасып кеткен 3 адам табылды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында жылқы табынын атпен іздеп шыққан шопан іздестірілді. Құтқарушылар тобы жоғалған адамды тауып, елді мекенге жеткізді. Төтенше жағдай министрлігі азаматтарды дауыл туралы ескертулерді бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.