Қазақстанда жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?

24.kz

Қазақстанда жаңа жыл түні екі жүзге жуық сәби туды.

Яғни 101 ұл мен 90 қыз бала дүние есігін ашты. Бұл орайда Түркістан облысы көш бастап тұр. 38 бала өмірге келді. Екінші орынды 23 нәрестенің кіндігі кесілген Шымкент қаласы иемденді. Алматы шаһары тұрғындарының саны 22 баламен толықты. Ал елордада көрсеткіш төмендеу, 10 бөбек туды.