Астанада 18 қылмыс тіркелді

Кеше Астанада 18 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.

Оның жартысын тәртіп сақшылары ізін суытпай ашты. Жалпы бір тәулікте полицияға 1200-ден астам қоңырау түсті. Тұрғындардың басым бөлігі тыныштықты бұзғандарға қатысты шағым білдірді. Қала көшелерінде 27 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда, жарақат алғандар жоқ. Көлікті мас күйінде тізгіндеген 6 азамат ұсталды. Ал қостанайлық полицейлер жаңа жыл қарсаңында 150 құқықбұзушылықты анықтады. Облыс бойынша 5 қылмыс тіркеліп, 12 жол-көлік оқиғасы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Мереке күні мыңға жуық тәртіп сақшысы өңірдің қауіпсіздігін күзетті тағы 45 әскери қызметші қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.