Қостанайда заң жобасы талқыланды

«Кәсіподақтар туралы» заң жобасында азаматтардың мүддесін қорғаудың жаңа тетіктері қаралған.

Осы өзгеріске сәйкес, қоғамдық бірлестік еңбек адамының құқын қорғаумен шектелмейді. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынасқа етене араласуға құзырлы болады. Бұл туралы Қостанайда өткен «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары мен кәсіподақ ұйымы өкілдерінің кездесуінде айтылды. Жаңа заң жобасы Үкімет сүзгісінен өтіп, Парламент қарауына жіберілген. «Кәсіподаққа артылатын мақсат, міндеттер елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалармен үндес», - дейді жиынға қатысушылар.

Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтты, елімізде көптеген саяси өзгерістер жүріп жатыр. Және де осы саяси реформаларды іске асыру үшін азаматтық қоғамның дамуы маңызды. Қазіргі таңда біздің ұсынысымыз бойынша және де осы заң аясында қазіргі таңда осы ең төменгі жалақыны санау әдісі өзгеретін болады. Егер осы әдіспен баратын болсақ, онда ең төмеңгі жалақы 130 мың болмақ.