Өскеменде гематология орталығы салынады

Өскеменде бой көтеретін еліміздегі тұңғыш гематологиялық орталық көпбейінді мекеме болады.

Онда кардиохирургия, трансплантология және терапия бөлімшесі орналасады. Тіпті дәрігерлер үшін сүйек кемігін ауыстыру бойынша тәжірибе жасауға мүмкіндік тумақ. Заманауи медицина мекемесінің құрылысы 2022 жылдан бері жалғасып келеді. Енді биыл толық аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр. Бүгін нысанды Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Сайыров пен Ұлықбек Тұмашинов көрді. Халық қалаулылары құрылыстың ұзаққа созылмайтынын айтты. Жұмысты жалғастыру үшін облыстық бюджеттен қосымша миллиард теңге бөлінген. Республикалық қазынадан да қаржы қаралмақ. Қаражаттың бөлінуі Үкімет пен депутаттық корпустың бақылауында. 

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өздеріңізге белгілі бюджеттің шамасы шексіз емес. Дегенмен де, құрылыс басталғаннан кейін оны міндетті түрде аяқтау керек. Ол жөнінде министрлер кабинетімен де және денсаулық сақтау министрлігімен де біз жұмыс істейтін боламыз.