Кооператив табысты арттырады

Бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Парламенттегі қос палатаның бір топ депутаттары кооператив құрудың тиімділігін түсіндірді.

Мысалы, өнім өсірушілер мен өндірушілер біріксе, 25 млн теңгеге дейінгі қаржылай қолдауға ие болады. Сол арқылы қажетті техника сатып алып, өнімін делдалсыз өткізеді. Ауылшаруашылық кооперативтері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелендіріледі. Ортақ іске біріккен шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау көрсету шарттары жеңілдетіледі. Мысалы, өткен жылы өңірдегі 14 кооператив 371 млн теңге сомасына қаржыландырылды. Нәтижесінде екі жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 

Анас Баққожаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Шикізат көп, қайта өңдейтін жер жоқ. Міне, сол қайта өңдейтін жерді не істеу керек. Үкімет соны салып беріп, 20 жылға пайдалануға беру керек. Бірақ, сіз кепілге мүлік салыңыз, болмаса алғашқы жарнаны беріңіз деген шартты доғару керек. Ондай заман өтті. Сондықтан шаруаларға шын мәнінде қайта өңдеу керек болатын болса, Президентіміз ол туралы айтты. 70% біз жеткізу керекпіз деп. Шын мәнінде осы объектілерді салып, Үкімет шаруалар мен кәсіпкерлердің қолына беру керек. Одан біз қорықпауымыз керек.